МОДО 9 класс (Грамотность чтения) Казахский язык

Мониторинг образовательных достижений обучающихся (МОДО) для учащихся 9 класса включает в себя задания по грамотности чтения (тексты на казахском языке) — 15 тестовых заданий.

МОДО 9 класс (Грамотность чтения) Каз.

Казахский язык

всего 15 тестовых заданий.

1 / 15

1. Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлеріне толықтай жойылу қаупі төнді. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына жоғалуы мен саны азаюына байланысты бірқатар жануарлар кірген. Олар бірнеше санатқа бөлінген: І санат – жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен; ІІ санат – апатты түрде саны қысқарып бара жатқан; III санат – сирек кездесетін, саны аз табылған; IV санат – белгісіз (толық зерттелмеген); V санаты – тұрақты бақылауды қажет ететін жерсіндірілген жануарлар.

2. Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірі – қарақұйрық. Ол – сирек кездесетін жануарлар түріне жатады. Кейбір аудандарда саны азайып, мекендейтін жерлері тарылуда. Олар бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерде, ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, сексеуіл, жүзгін, теріскен басқан тоғайларда немесе тастақты, құмды, сазды топырақты шӛлді аймақтарда мекендейді.

3. Алтай тауының арқары – елімізде толықтай жойылу қаупі төнген жануар. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар. Олар теңіз деңгейінен 800-3000 м биіктікте мекендейді. Алтай арқарын Шығыс Қазақстан облысының аумағынан, Күршім жотасының оңтүстік сілемінен, Қалмақшы өзенінің жоғары ағысындағы биік таулы шоқылардан, сондай-ақ Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейлерінен кездестіруге болады.

4. Қазақстан арқарының таралу аймағы кеңіп, саны қалпына келуде. Қазіргі уақытта Қазақстан арқарының саны 11,8 мың басқа дейін өскен екен. Бұл жануар таудың жазықтау учаскелерін мекендейді. Олар орынауыстырып, шамалы маусымдық көшу жасайды. Ал, құрғақшылық кезінде және қыста қар қалың түссе алыс қашықтыққа ауысады. Әдетте, таңертең және кешке белсенді.

5. Қаратау арқарының жоғалып кету қаупі бар. Олар таулардың далалық, тегіс аймақтарын мекендейді. Бұталармен қоршалған құзды шатқалдарда жүреді.

6. Қабылан – өте сирек кездесетін жыртқыш. Қабыландар түрлі типтегі шөлдерде мекендейді. Олар тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саванналарда, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді. Қабылан қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жоғалып кету шегіне жетті, жоғалып кетуі де мүмкін.

Mәтіндегі негізгі ой

2 / 15

Mәтіннің 6-азатжолында берілген жануар жайлы ақпарат

3 / 15

Қазақтар өзінің халық, ұлт болып қалыптасу жолын көне түркілер заманынан бастаса, оның жазу мәдениетінің тарихы да сол дәуірден бастау алады. Ол кездегі түркілердің тілін қолданылу барысына қарай, әдетте, тіл мамандары үш кезеңге бөліп қарастырады: а) түркі тілі қолданылған дәуір;ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір; б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір. Осы кезеңдер ішінде Орхон-Енисей жазу ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған.

Oрхон-Енисей жазуы Қытай іргесінен бастап Орта Азия, одан әрі Венгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Оның қолданылу тарихы V және IX-X ғасырлар аралығын қамтиды. Тек X-XI ғасырдан бастап, Орхон-Енисей жазуының орнына біртіндеп ұйғыр жазуы, кейін түгелдей араб жазуы қолданылатын болды. X-XI ғасырлардан бастап қолданыла бастаған араб жазуы түркі халықтары тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданылса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.

Aраб графикасының қазақтың дыбыстық жүйесіне сай еместігін турколог ғалымдар он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында-ақ байқаған. Осыған байланысты Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Ильминский, П.Милиоранский сияқты ғалымдар араб графикасын тастап, орыс графикасын алуды ұсынған. Әсіресе, қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілі жүйесіне сәйкестендірудегі зор еңбегін атап өтпеу мүмкін емес.

Aраб графикасынан латын графикасына өту 1929 жылдың 25 шілдесінде басталды. Латын графикасын қабылдауда кеткен олқылықтар мен қолайсыздықтар, оларды түзетудің жолдары жайындағы мәселені шешуге Қ.Жұбанов белсене қатысты. Алайда латын әліппесіне негізделген жазуымыздың, басқа тілдерге қарағанда ғұмыры қысқа болды. Yшінші кезең, яғни орыс әліппесіне негізделген жазуға көшу кезеңі, 1930 жылдардың екінші жартысынан басталды. Латын графикасынан кириллицаға көшу жұмысына басшылық ету, дыбыстарды қандай таңбамен таңбалауға болатындығы туралы ойлы пікірлер айтып, жаңа әліппенің жобасын жасаған –
Сәрсен Аманжолов.

Oсы аталған үш кезең тек қана қазақ халқы ғана емес, сол кездегі Кеңес үкіметі үстемдігінің қол астында болған түркі тілдес халықтардыңбарлығына да тән еді.

Қысқа уақыт аралығында қолданыста болған әліпби

4 / 15

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық, музыкалық аспаптар жасау –халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін алыстан іздеп келетін болған. Қолөнер шеберлері ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып өрнек салған.

Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – ағаш төсек, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан түрлі ыдыстар да дайындаған. Олар астау, тостаған, сапты аяқ, ожау сияқты ыдыстар жасаған. Мұндай әшекейлі заттар қазақтың баспанасы киіз үйге ерекше сән беріп тұрған.

Осындай шеберлердің бірі – Дүйсен ағай. Ол Алматы облысының Кеген ауданында тұрады. Дүйсен ағай - жеке кәсіпкер. Оның ағаштан ұлттық бұйым жасайтын бірнеше шеберханасы бар.

Қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең тараған екі, үш ішекті, шертіп ойнайтын аспабы ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерлерінің әр өңірінде тұратын халық шеберлері домбыраны әртүрлі үлгіде жасаған. Домбыра жасауға қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Дүйсен ағай да домбыра жасау үшін осы ағаштарды пайдаланады. Ағай домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер тағылады.

Домбыра – қазақ музыка мәдениеті тарихында ел ішіне ең көп тараған аспап. Ол – қазақ халқының тарихын паш ететін музыкалық аспап. Үй ішінің біреуі домбыра шертпейтін отбасы қазақ арасында кем де кем. Сондықтанда Дүйсен ағайға келушілер саны өте көп. Олар еліміздің барлық аймағынан келеді. Олардың бірі өз отбасына арнап жасатса, енді біреулері сыйға тарту үшін әзірлетеді. Тіпті халық арасында кеңінен танылған әнші-күйшілерге арнап жасататындар да бар.

Дүйсен ағайдың отбасы - қонақжай. Келушілер ағайдың отбасының қонақжайлылығы мен шеберлігіне тәнті болады. Тапсырыс берушілер саны жылдан жылға артып келеді.

Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып келеді. Отандық кәсіпкерлер жасаған ұлттық бұйымдардың сапасы өте жақсы.

Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз

5 / 15

Мәтінді мұқият оқы және сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ халқы өзіңің сан ғасырлық тарихында небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Кезінде жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің қазақ жерін бағындыру және отарлауы барысында халқымыз орны толмас шығынға ұшырады. Кеңес заманындағы ұжымдастыру, индустрияландыру саясаты қазақ халқының екіден бірін жойды. Елдің аштықтан, репрессиялардан саны азайып кетті.  Сонымен бірге ХІХ  ғасырдың басынан Ресейдің ішкі өлкелерінен қазақ жеріне орыстар қоныс аударды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және тың игеру жылдары Қазақстандағы халықтың құрамы күрт өзгерді, Қазақстан көп этносты мемлекетке айналды.

Қазіргі күні жер бетінде 3000-дай этнос өкілдері өмір сүрсе, солардың 130-ға жуық өкілдері Қазақстанда мекен етеді.  Олар да қазақ ұлты сияқты Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне күш салуда.  Қазақстан Республикасының Ата заңында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Біздің отанымызда басқа ұлт өкілдеріне кемдік немесе артықшылық көрсетілмейді. Қазақ жерін мекендеген аз этнос өкілдеріне мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп отырады, жастарына жоғары оқу орындарына түсуге, ересектеріне жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер берілген.

Қазақстанда ұлт және мемлекет құрушы этнос біреу, ол – қазақ этносы. Жер бетінде этнос көп, ал олардың ішінде мемлекет құрғаны тек 200-дей ғана. Әлем халықтарының арасында саны жағынан қазақтар 70-орынды иеленсе, ал өсу қарқыны жағынан жоғары орында.

Ресейдің ішкі өлкелерінен  орыстар қашан қоңыс аударғанын анықтаңыз.

6 / 15

«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ

Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған ― "Қасым ханның қасқа жолы" мен ― "Есім ханның ескі жолын" одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында ―Тәуке ханның Жеті жарғысы" деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды. Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған.

«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. «Жеті жарғы» заң жобасында жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып
заңдары көрініс тапқан. «Жеті жарғыда» қылмысты іс, құқық нормаларына үлкен орын бөлінген.

Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. «Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған.

Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы

7 / 15

ЖЕР ЖӘННАТЫ – ЖЕТІСУ

Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К.Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В.Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген.
Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы Жетісуды дербес экономикалық аймаққа айналдырды. Олар шаруашылықтың сол кездегі жетілген түрі малшылық және суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасалған құралдарды пайдаланған.

Қолөнер кәсібінің өнімдері ұлғайып, көрші көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару Таразда пайда болды.

Жетісуда X-XI ғасырлардағы отырықшы егіншілік пен қала мәдениетінің едәуір өркендегенін археологтардың зерттеулері дәлелдейді. Сәулет өнері жоғары дәрежеде дамыған. Оның куәгерлері – Бабажа хатун кесенесі (X-XI) мен Айша бибі кесенесі (XI-XII ).

Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу және Оңтүстік-батыс Жетісу деп екіге бөледі. Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км жерді алып жатыр.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге Жетісу да қазақ халқының байырғы атамекені ретінде біртұтас мемлекеттің мәдениеті дамыған, экономикасы қуатты аймағына айналды.

Бартольдтың пікірінше, Жетісу өзендеріне жатпайды

8 / 15

Білім артық па, байлық артық па?

VII ғасырда өмір сүрген әулие Әзірет Әлінің ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас-өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: «Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектермен былай деп жауап берген екен:
1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра.
2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.
3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.
4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні таусылады.
5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.
6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса, ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.
7. Білім артық, білімің көп болғанмен, есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.
8. Білім қанша көп болса да, іріп-шіріп кетпейді, дүние мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.
9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса, сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.
10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып, мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық.

Әзірет Әлі білімнің артықшылығын 10 адамға 10 түрлі дәйектермен жауап бергеніне көздері жеткен жерлестері оны шын мәнінде халифа деп мойындаған екен.

Мәтінге сәйкес келмейтін ақпарат

9 / 15

Мәтінге сәйкес мақал

10 / 15

Робототехнология қалай пайда болды?

«Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейтіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга» деген мағынаға ие. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын. «Seiko Epson» деп аталатын жапондық компания дүниедегі ең кішкентай роботты құрастырды.

Роботтың салмағы небәрі бір жарым килограмм, ал ұзындығы 1 сантиметр. 1950 жылы өнері өрге жүзген Леонардо до Винчидің жазбалары табылған болатын. Ол жазбаларда адам тектес роботтың сызбалары болған. Ұлы суретші, ғалым, сәулетші, жазушы, өнертапқыш Леонардо до Винчидің XV ғасырда өмір сүргенін ескерсек, роботтың алғашқы сызбасының парақ беттеріне сол ғасырда түскендігін білуге болады. Оның сызба НҰСҚАларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vincis robots» деген кітап басып шығарды.Америкалық ғалым және жазушы Айзек Азимов, робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасады. Айзектің кітабына негізделген «Мен - роботпын» атты фильм де түсірілген. Картина үстіміздегі 2014 жылы Уилл Смиттің басты рөлді сомдауымен түсіріліп шықты. 1заң: роботтың адамға зақым келтірмеуі керек, 2-заң: робот адамның бұйрықтарын тек бірінші заңға қарсы келмеген кезде ғана орындауға міндетті, 3-заң: робот өзінің амандығын Бірінші және Екінші заңдарға қарама-қарсы келмеген кезде ғана ойлауы керек.

Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр. Тіпті Жапонияның кез келген компаниясында кемінде 4-5 роботтан болады екен. Осыдан он шақты жылдар бұрын роботтардың іс-әрекеті шектелген десеңіз, қазіргі күндегі робот сабақ оқытады, ас даярлайды және де әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнай алады. Ал енді болашақтың роботтары, мамандардың айтуынша, үй шаруаларына көмектесіп, адамдарға әртүрлі тақырыптар бойынша кеңестер бере алады-мыс. Жыл сайын Жапонияда инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын интелектуалдық қабілеттерімен таңқалдырды. Мысалға ол, ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті. Емтихан қорытындысы бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен. Торобо-кун роботы үш пәнді сәтті тапсырып шыққан: дүниежүзі тарихы, математика және Жапония тарихы. Лингвистика тақырыбына келгенде, жапонен ағылшын тілінен төмен көрсеткіш көрсетті. Жапон ғалымдары роботтарды Жапонияның ең үздік саналатын «Токио Университетінің » қабылдау емтихандарын беске тапсырғанша жасай бермек.

Қате мәліметі бар қатарды табыңыз.

11 / 15

Мәтін не туралы екенін анықтаңыз

12 / 15

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Атаның ақылы

Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматы қаласының Орталық саябағы маусым айы кезінде жайқалып тұр. Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар, жұпар иісі аңқыған аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңыр салқын самалмен тербеледі.
Бес жасар Бектай атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппеден секіріп ойнады. «Поезға» мініп, «жол жүрді», «зымыранға» мініп, зымырады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, қарақаттай көзі күлімдеп, ол:
– Ата, шөлдедім, – деді. Атасы ақ күмістей сақалын тарамдап, күлімдеді де:
– Шөліңді қандыр, жарығым, – деп, оған салқындаған алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын, тәтті алма шырынын құшырлана жұтып алды да:
– Ата, балмұздақ жегім келеді, – деп, ентіге сөйледі. Ақжарқын атасы Бекжанға балмұздақ сатып әперді де:
– Ботам, балмұздақтан көп жеме, тамағың ауырып қалады, – деп ескертті. Бектай атасы алып берген балмұздақты біраз жалады да:
– Ата, шоколад жегім келеді, – деп, күлімдеді.
– Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар. Қанағат керек.
– Ата, қанағат деген не? – деп, Бекжан сұрақ қойды.
– Күнім-ау, «қанағат» деген – әр нәрсенің шама-шарқын біліп, соған риза болу, тамақ ішудің де шегін, ретін білу... Қанағат қылмай, не болса соны талғамай, іше берсең, ауырып қаласың, – деп атасы ақылын айтты.
– Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.
Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта сейілдеп, жақсы демалды.
Әдібай Табылды

Бектайдың атасының мінезіне сәйкес нұсқа

13 / 15

Катонқарағай ұлттық паркі

Қазақстанда мемлекеттік ұлттық табиғи парк көп емес, саусақпен санарлық. Соның ішінде ең үлкені – Катонқарағай ұлттық паркі. Ол 2001 жылғы 17 шілдеде Үкімет қаулысымен құрылған. Ұлттық парктің аумағы Алтай-Саян экоаймағының Қазақстанда жобаланған бөлігінің құрамына енеді. Ұлттық парктің жалпы ауданы 643477 гектар. Ұлттық паркке табиғат байлықтары, бірегей ландшафт кіреді, онда орманды даладан тайгаға дейін, биік таулы аймақтың альпі шалғындықтары, мұздықтар жинақталған. Парк аумағының 34 пайызын орманды алқап алып жатыр. Қылқан жапырақты ағаштар – шырша, қарағай, балқарағай, самырсын – бұл өлкенің байлығы.

Ұлттық табиғи паркті бірінші күннен бастап Ерен Жұмағұлов басқарады. Ұзақ жылдар ұстаз, сосын орманшылықты басқарған, аңшы, балықшы, табиғаттың тылсымынан сыр тартқан азамат ұлттық парктің ыстық-суығына төзіп келеді. Ұлттық парк құрылғанша орманның сирек кездесетін балқарағайы мен самырсынын, шыршасын, Сібір шыршасын сақтап қалу өте қиын болды.Бір кездері осынау ғажайып өлкеде құстың 260 түрі болса, қазір азайған. Ұшатын тиінді естігеніңіз бар ма? Ол өзіне қауіп төнген кезде, 40 метрге дейін секіріп ұша алады. Қазір олар да азайып барады.

Осында мекендейтін қара дегелек, балық аулайтын скапа, күдір, қар барысына да аялы алақан керек. Парк аумағының фаунасы мен флорасы өте бай. Осында жоғары сатылы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрі бар, оның 30 шақтысы Қызыл кітапқа енген. Қызғылт радиола, марал түбірі, Алтай рауғашы, Алтай қасқыр жидегі, ірі гүлді шолпан кебіс – ел мақтанышы. Ендеше аң мен құсты, орманды қорғағаннан артық абыройлы іс жоқ. «Baribar» сайтынан

Паркте бір мыңнан астам түрі бар өсімдік

14 / 15

Оқу сауаттылығы
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

1. Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлеріне толықтай жойылу қаупі төнді. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына жоғалуы мен саны азаюына байланысты бірқатар жануарлар кірген. Олар бірнеше санатқа бөлінген: І санат – жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен; ІІ санат – апатты түрде саны қысқарып бара жатқан; III санат – сирек кездесетін, саны аз табылған; IV санат – белгісіз (толық зерттелмеген); V санаты – тұрақты бақылауды қажет ететін жерсіндірілген жануарлар.
2. Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірі – қарақұйрық. Ол – сирек кездесетін жануарлар түріне жатады. Кейбір аудандарда саны азайып, мекендейтін жерлері тарылуда. Олар бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерде, ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, сексеуіл, жүзгін, теріскен басқан тоғайларда немесе тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендейді.
3. Алтай тауының арқары – елімізде толықтай жойылу қаупі төнген жануар. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар. Олар теңіз деңгейінен 800-3000 м биіктікте мекендейді. Алтай арқарын Шығыс Қазақстан облысының аумағынан, Күршім жотасының оңтүстік сілемінен, Қалмақшы өзенінің жоғары ағысындағы биік таулы шоқылардан, сондай-ақ Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейлерінен кездестіруге болады.
4. Қазақстан арқарының таралу аймағы кеңіп, саны қалпына келуде. Қазіргі уақытта Қазақстан арқарының саны 11,8 мың басқа дейін өскен екен. Бұл жануар таудың жазықтау учаскелерін мекендейді. Олар орын ауыстырып, шамалы маусымдық көшу жасайды. Ал, құрғақшылық кезінде және қыста қар қалың түссе алыс қашықтыққа ауысады. Әдетте, таңертең және кешке белсенді.
5. Қаратау арқарының жоғалып кету қаупі бар. Олар таулардың далалық, тегіс аймақтарын мекендейді. Бұталармен қоршалған құзды шатқалдарда жүреді.
6. Қабылан – өте сирек кездесетін жыртқыш. Қабыландар түрлі типтегі шөлдерде мекендейді. Олар тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саванналарда, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді. Қабылан қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жоғалып кету шегіне жетті, жоғалып кетуі де мүмкін.

Kөптеген жануар түрлерінің толықтай жойылу қаупіне ұшырау себебі

15 / 15

Қазақстанның Қызыл кітабына жануарларды тіркеу себебі

Ваш результат:

Поделиться с друзьями
Класс-KZ - Образовательный портал для всех