Казахский язык — ЕНТ — пробное онлайн тестирование

Пробное онлайн тестирование нового формата по Казахскому языку для подготовки к Единому Национальному Тестированию (ЕНТ). Проверьте свои знания по фонетике, грамматике, лексике, орфографии казахского языка. Тест включает в себя 40 случайных тестовых заданий: 25 заданий с одним правильным ответом, 5 заданий на основе контекста, 5 заданий на соответствие и 5 заданий с одним или несколькими вариантами ответов.


Казахский язык - ЕНТ

1 / 40

Жинақтық сан есімді мақал

2 / 40

Синонимдік қатар

3 / 40

Жақтың қатысына қарай «ұ» дыбысының сипаты

4 / 40

«Ы, і, и» дыбыстарының жіктелуі

5 / 40

Синонимдік қатар

6 / 40

Берілген сөйлемдегі етістіктердің шақ тұлғасы
Дұрыс қанаттанған – түзу ұшар.

7 / 40

Дара, негізгі түбір сөз

8 / 40

Туынды сөз берілген қатар

9 / 40

Жинақтық сан есімді мақал

10 / 40

Сөздің бөлшектеуге келмейтін мағыналы бөлшегі

11 / 40

Ауыспалы мағынадағы сөз тіркесі

12 / 40

Болымсыз етістігі бар сөйлем

13 / 40

Қарсылықты мағынаны білдіретін жалғаулығы бар сөйлем

14 / 40

Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар тұрған сөз

15 / 40

Баяндауышы етістіктен болған сөйлем

16 / 40

Негізгі түбір сөздер қатары

17 / 40

Синонимдік қатар

18 / 40

Берілген сөйлем түрі
Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді.

19 / 40

Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.

20 / 40

Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

21 / 40

Тура мағыналы сөзді анықтаңыз.

22 / 40

«Бөрік» сөзінің мағынасын анықтаңыз.

23 / 40

Тура мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз.

24 / 40

Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.

25 / 40

Тура мағынадағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

26 / 40

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Ұлытау – Қарағанды облысының аймағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері – Әулие Ақмешіт. Ол – Қазақстандағы ескі таулардың бірі. Ұлытау шамамен 410-440 миллион жыл бұрын пайда болған. Сол кездері биік тау болып есептелген. Уақыт өте сыртқы пішіні өзгеріп, біршама аласарды. Нәтижесінде тау ішінде бірнеше кішігірім ойыстар мен үңгірлер пайда болды. Олар көктемгі еріген қармен, жазда жер асты суларымен толысады. Тау етегінде көктерек, ақ қайың өсетін орман кездеседі. Бұл жерлерде бұталы өсімдіктер де өседі. Тау іші мен өзен жағалауларында сабаншы, қосаяқ, шұбар күзен, құлан, арқар сияқты жануарлар мекендейді.

Ұлытауда көне қалалардың орындары кездеседі. Бұл – қазақ хандары мен билерінің бас қосқан жері, батырлардың ордасы. Аты әлемге әйгілі Ақсақ Темір әскерімен Ұлытау маңында бірнеше күн аялдаған. Осы жерде демалған, аттарын суытқан. Алтыншоқы төбесінде үлкен қазан шұңқыр қаздырған. От жағып, тас балқытып, екі жүз мың әскермен келгендігі туралы таңба қалдырған. Бұл таңбаны алғаш белгілі қазақ геологы Қ.И.Сәтбаев тапқан. Қаныш Сәтбаев

Ұлытаудың етегінен жез, темір кен орындарын да ашты.

Қазақ жерінің қазына байлығын көптеп тауып, ел игілігіне жаратуға дәнекер болған – ұлы геолог-барлаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев –геология-минерология ғылымдарының докторы, проффесор, академик.
Қ.Сәтпаев Павлодар облысында дүниеге келген. Жастайынан тілге шешен болған. Қазақтың ескі тарихын, өлең-жырларын жақсы білген. Ол әкесінің шапағатты өнегесін алып өскен. Қаныш Имантайұлы өзінің жарқын да шабытты еңбекке толы ғұмырын ел игілігіне арнаған.

Ұлытауда Қ.Сәтпаев ашқан кен орындары

27 / 40

ЖЕР ЖӘННАТЫ – ЖЕТІСУ

Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К.Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В.Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген.
Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы Жетісуды дербес экономикалық аймаққа айналдырды. Олар шаруашылықтың сол кездегі жетілген түрі малшылық және суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасалған құралдарды пайдаланған.

Қолөнер кәсібінің өнімдері ұлғайып, көрші көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару Таразда пайда болды.

Жетісуда X-XI ғасырлардағы отырықшы егіншілік пен қала мәдениетінің едәуір өркендегенін археологтардың зерттеулері дәлелдейді. Сәулет өнері жоғары дәрежеде дамыған. Оның куәгерлері – Бабажа хатун кесенесі (X-XI) мен Айша бибі кесенесі (XI-XII ).

Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу және Оңтүстік-батыс Жетісу деп екіге бөледі. Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км жерді алып жатыр.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге Жетісу да қазақ халқының байырғы атамекені ретінде біртұтас мемлекеттің мәдениеті дамыған, экономикасы қуатты аймағына айналды.

Ғалымдар мен зерттеушілер Жетісуды нешеге бӛледі

28 / 40

Білім артық па, байлық артық па?

VII ғасырда өмір сүрген әулие Әзірет Әлінің ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас-өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: «Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектермен былай деп жауап берген екен:
1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра.
2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.
3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.
4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні таусылады.
5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.
6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса, ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.
7. Білім артық, білімің көп болғанмен, есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.
8. Білім қанша көп болса да, іріп-шіріп кетпейді, дүние мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.
9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса, сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.
10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып, мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық.

Әзірет Әлі білімнің артықшылығын 10 адамға 10 түрлі дәйектермен жауап бергеніне көздері жеткен жерлестері оны шын мәнінде халифа деп мойындаған екен.

Мәтінде білімнің айтылмаған артықшылығы

29 / 40

Робототехнология қалай пайда болды?

«Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейтіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга» деген мағынаға ие. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын. «Seiko Epson» деп аталатын жапондық компания дүниедегі ең кішкентай роботты құрастырды.

Роботтың салмағы небәрі бір жарым килограмм, ал ұзындығы 1 сантиметр. 1950 жылы өнері өрге жүзген Леонардо до Винчидің жазбалары табылған болатын. Ол жазбаларда адам тектес роботтың сызбалары болған. Ұлы суретші, ғалым, сәулетші, жазушы, өнертапқыш Леонардо до Винчидің XV ғасырда өмір сүргенін ескерсек, роботтың алғашқы сызбасының парақ беттеріне сол ғасырда түскендігін білуге болады. Оның сызба НҰСҚАларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vincis robots» деген кітап басып шығарды.Америкалық ғалым және жазушы Айзек Азимов, робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасады. Айзектің кітабына негізделген «Мен - роботпын» атты фильм де түсірілген. Картина үстіміздегі 2014 жылы Уилл Смиттің басты рөлді сомдауымен түсіріліп шықты. 1заң: роботтың адамға зақым келтірмеуі керек, 2-заң: робот адамның бұйрықтарын тек бірінші заңға қарсы келмеген кезде ғана орындауға міндетті, 3-заң: робот өзінің амандығын Бірінші және Екінші заңдарға қарама-қарсы келмеген кезде ғана ойлауы керек.

Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр. Тіпті Жапонияның кез келген компаниясында кемінде 4-5 роботтан болады екен. Осыдан он шақты жылдар бұрын роботтардың іс-әрекеті шектелген десеңіз, қазіргі күндегі робот сабақ оқытады, ас даярлайды және де әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнай алады. Ал енді болашақтың роботтары, мамандардың айтуынша, үй шаруаларына көмектесіп, адамдарға әртүрлі тақырыптар бойынша кеңестер бере алады-мыс. Жыл сайын Жапонияда инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын интелектуалдық қабілеттерімен таңқалдырды. Мысалға ол, ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті. Емтихан қорытындысы бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен. Торобо-кун роботы үш пәнді сәтті тапсырып шыққан: дүниежүзі тарихы, математика және Жапония тарихы. Лингвистика тақырыбына келгенде, жапонен ағылшын тілінен төмен көрсеткіш көрсетті. Жапон ғалымдары роботтарды Жапонияның ең үздік саналатын «Токио Университетінің » қабылдау емтихандарын беске тапсырғанша жасай бермек.

Қате мәліметі бар қатарды табыңыз.

30 / 40

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.

Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы – Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 шақырымға созылып жатыр.

Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан (4464 м). Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, суы мол өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі.

Жетісу Алатауы неше жотаға бөлінеді?

31 / 40

Синонимдерді сәйкестендіріңіз

теріс
жақсы

32 / 40

Синонимдерді сәйкестендіріңіз

ақылды
ішкі

33 / 40

Антонимдерді сәйкестендір

күтпеген
даңқ

34 / 40

Антонимдерді сәйкестендір

адам
лас

35 / 40

Антонимдерді сәйкестендір

жұмыс
қосу

36 / 40

Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.

37 / 40

Шартты райлы етістікті табыңыз.

38 / 40

Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

39 / 40

Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.

40 / 40

- дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

Ваш результат:

Поделиться с друзьями
Класс-KZ - Образовательный портал для всех